
Қазақстанда Alem Crypto Fund криптоқоры жұмысын бастады. Қор Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бастамасымен құрылып, Qazaqstan Venture Group басқаруына берілді және Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) экожүйесінде тіркелді.
Қордың басты мақсаты – цифрлық активтерге ұзақ мерзімді инвестиция салып, қаржы резервін қалыптастыру. Болашақта Alem Crypto Fund мемлекеттік жинақтарды басқаруға арналған құралға айналып, еліміздің қаржылық болашағын тиімді басқару мүмкіндігін кеңейте алады.
«Alem Crypto Fund қорының құрылуы – Қазақстандағы цифрлық қаржы саласын дамыту жолындағы маңызды қадам. Біздің мақсатымыз - оны ірі инвесторлар үшін сенімді құралға және мемлекеттік цифрлық резервтердің негізіне айналдыру», – деп атап өтті премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Қордың стратегиялық серіктесі - Binance Kazakhstan. Ол әлемдегі цифрлық актив экожүйесі саласындағы ірі ойыншы, Binance-тың құрылымына кіретін, жергілікті лицензияланған компания.
Дәл осы Binance Kazakhstan-мен серіктестікте Alem Crypto Fund өзінің алғашқы инвестициясын жүзеге асырып, BNB токенін сатып алды. BNB – бұл BNB Chain желісінің негізгі токені. Ол транзакция жүргізу, комиссия төлеу және желіні басқаруға қатысу үшін қолданылады.
Бүгінде BNB-дің нарықтық капитализациясы 138 миллиард АҚШ долларынан асады. Бұл оны әлемдік нарықтағы ең тұрақты әрі ықпалды цифрлық активтердің біріне айналдырып отыр.
«Binance Kazakhstan компаниясының Alem Crypto Fund қорының стратегиялық серіктесі болғанына қуаныштымыз. Қордың алғашқы цифрлық актив ретінде BNB-ді таңдауы Binance экожүйесіне деген сенімді білдіреді және Қазақстанда криптовалюталардың институционалдық деңгейде мойындалуына жол ашады. Бұл - цифрлық активтер нарығын ашық әрі қауіпсіз ету жолындағы маңызды қадам, мұнда мемлекеттік бастамалар мен жаһандық технологиялар ұлттық экономиканың игілігі үшін бірлесіп жұмыс істейді», – деді Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері Нұрхат Күшімов.
Binance туралы
Binance – әлемдегі жетекші криптовалюта инфрақұрылымын жеткізуші. Оның құрамына цифрлық активтермен сауда жасау көлемі бойынша ең ірі биржаны қоса алғанда, кең ауқымды қаржылық өнімдер кіреді.
Binance платформасына әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған адам сенім артады. Платформа пайдаланушылардың қаржылық еркіндігін кеңейтуге бағытталған және сауда, қаржы, білім беру, зерттеу, қайырымдылық, инвестиция, инкубация секілді салаларды қамтитын теңдессіз криптовалюта өнімдері мен қызметтерін ұсынады.
Қосымша ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: https://www.binance.com
Binance Kazakhstan туралы
Binance Kazakhstan – Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) қаржылық реттеушісі – Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитеті (Astana Financial Services Authority, AFSA) тарапынан лицензияланған компания. Компания цифрлық активпен сауда жүргізу платформасы, кастодиандық қызмет көрсету және инвестициямен жұмыс істеу құқығына ие (ағылшынша атауы: Operating Digital Asset Trading Facility, Providing Custody and Dealing in Investments as Principal).
Лицензияның мәртебесі мен оның қолданылу мерзімін AFSA ресми сайтынан тексеруге болады: www.afsa.kz
BNB туралы
BNB – бұл BNB Chain орталықтандырылмаған желісінің нативті токені. Ол транзакцияларды төлеу, комиссияларды жабу және желіні басқаруға қатысу үшін қолданылады.
2025 жылдың жазында BNB токенінің нарықтық капитализациясы 138 миллиард АҚШ доллардан асып, оны тек криптовалюта көшбасшысы ғана емес, өсіп келе жатқан жаһандық цифрлық капитал нарығындағы маңызды ойыншы ретінде көрсетті.