Сенат Мәжіліс қабылдаған «Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.
Қарыз қаражаты биылғы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Осылайша 2024 жылға арналған республикалық бюджет шеңберінде мемлекеттің өзіне қабылданған барлық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
«Азия даму банкінен қарыз сомасы 52,3 млрд жапон йеніне тең (шамамен 175 млрд теңге). Қарызды өтеу мерзімі 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда – 15 жыл. Азия даму банкі бойынша соңғы мөлшерлеме – 0,7 пайыз. Нарық жапондық мөлшерлеменің біз үшін қолжетімді валюталардың ішіндегі ең төмен екенін көрсетіп отыр. Қарыз 2024 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталады», – деді сенатор Сергей Карплюк.
Айта кету керек, Қазақстан1994 жылдан бастап Азия даму банкінің мүшесі.