Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан киік мүйізін халықаралық нарыққа шығарады

Қазақстан киік мүйізін халықаралық нарыққа шығарады

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілісте министрліктің қоймаларында шамамен 20 тонна киік мүйізі сақтаулы тұрғанын айтты.

Бұл мүйіздер негізінен браконьерлікпен алынған киіктерден жиналған. Биыл оларды халықаралық нарыққа шығару жоспарланып отыр.

Министрдің айтуынша, киіктердің саны реттелгеннен кейін мүйіздер арнайы рәсімделіп, қабылдау пункттері мен жергілікті әкімдіктерде тіркеліп, Алматыдағы арнайы қоймаларға жеткізіледі. Қоймаларда температура мен ылғалдылық қатаң бақылауда, әр мүйіз жеке нөмірленіп, таңбаланады және қозғалысы толық бақыланады.

Сирек және жойылып бара жатқан жануарларды қорғау жөніндегі Бонн конвенциясының талаптарына сәйкес, Қазақстан жылына 10 тоннадан артық киік мүйізін экспорттай алмайды. Қазір Экология министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі сатылым механизмін әзірлеп жатыр. Бір-екі айдың ішінде аукцион жарияланып, мүйіздерді сатуға кіріседі деп күтілуде.

Киік мүйізінен түскен қаражат биологиялық әртүрлілікті сақтау, киіктерді қорғау және қажетті жабдықтарды сатып алуға жұмсалады. Бұл шара табиғатты қорғауға қосымша мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар