Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

​Қазақстан қор биржасы​ның жаңа басшысы сайланды

​Қазақстан қор биржасы​ның жаңа басшысы сайланды
Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің шешімімен 2025 жылғы 31 наурыздан бастап 2026 жылғы 01 шілдеге дейінгі өкілеттік мерзімімен KASE-нің Басқарма төрағасы болып Әділ Мұхамеджанов сайланды, деп хабарлады биржаның баспасөз қызметі.

Әділ Мұхамеджанов 2021 жылдан бастап "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Басқарма төрағасы болды, бұған дейін ол KASE Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті, одан бұрын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды.

Сонымен қатар, Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 31 наурызынан бастап Алина Алдамбергеннің KASE Басқарма төрайымы ретіндегі өкілеттігі оның өз бастамасымен мерзімінен бұрын тоқтатылады. А. Алдамберген 2016 жылдың 9 ақпанынан бастап KASE Басқармасының төрайымы болып сайланған. Осы тағайындауға дейін А. Алдамбергеннің қаржы нарығында, оның ішінде реттеуші органдарда және KASE Директорлар кеңесінде үлкен жұмыс тәжірибесі болды.

Ұқсас материалдар