Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен ЕО жаңа инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды талқылады

Қазақстан мен ЕО жаңа инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды талқылады

Қазақстандық делегация Ташкент қаласында өткен «Еуропалық Одақ – Орталық Азия» үшінші экономикалық форумына қатысты.

Форум аясында Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдері арасындағы сауда, инвестициялар, көлік, энергетика және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы экономикалық байланыстардың тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЕО-мен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше мән беретініне назар аударды және өңірдегі инвестициялық кооперацияны тереңдету мен ұлттық экономиканы жаңғырту реформалары жайлы айтты.

Форум аясында Қазақстан делегациясы Еуропалық Одақтың Халықаралық серіктестік жөніндегі комиссары Йозеф Сикеламен кездесті. Кездесу барысында тараптар транзиттік әлеуетті арттыруға арналған Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, ЕО-ның «Global Gateway» бастамасы аясындағы жобалар және стратегиялық экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Еуропалық Одақ жаңа инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екендігін растады.

Ұқсас материалдар