
ҚР Премьер-Министрі мен РФ Үкіметінің төрағасы екіжақты келіссөздер барысында энергетика мен газ саласынан бастап агроөнеркәсіп пен көлік логистикасына дейінгі екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Қазэнерджи.
Өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 3%-ға өсіп, $27,8 млрд-қа жетті.
45,4 мыңнан астам жұмыс орнын қамтамасыз ететін 171 бірлескен жоба іске асырылуда.
Агроөнеркәсіптік саладағы өзара шектеулерді алып тастаудың арқасында сауда көлемі 4,5%-ға артып, $3,8 млрд-қа жетті.
«Солтүстік–Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағыны 2,4 млн тоннаға дейін өсті.
Тараптар Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау бойынша практикалық қадамдарға ерекше назар аударды. Негізгі мақсаттардың бірі – тауар айналымын $30 млрд дейін арттыру.