Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Стати арасындағы дауға нүкте қойылды

Қазақстан мен Стати арасындағы дауға нүкте қойылды

 Қазақстан Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Стати тараптары, Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен, Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзақ мерзімді дауды реттеу үдерісін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Әділет министрлігі. 

  Қол қойылған Түпкілікті реттеу туралы келісім барлық дауды болашақта қайта бастау құқығынсыз тоқтату үшін негіз болып отыр. Келісімнің нақты шарттары құпия.

– Бұл реттеу және барлық тараптар үшін әділ шешу жолын іздеу мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған тәсіл, бұл ел инвестордың құқықтары сақталатын орын екенін атап көрсетеді. Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік инвесторлардың Қазақстан туралы түсінігін өзгертудегі көшбасшылығы үшін алғыс айтамыз. Болашақта жаңа жобалармен жұмыс істеуді асыға күтеміз, – деді CEO Argentem Creek Partners басқарушысы Дэниел Чапман.

Әділет министрі Азамат Есқараев республикалық бюджеттің қаражаты пайдаланылмағанын алға тартты. 

– Ұзаққа созылған дау аяқталғаннан кейін Қазақстанда экономиканы дамыту үшін, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы, қосымша мүмкіндіктер пайда болады. Бұл ретте, мен бұрын атап өткендей, республикалық бюджеттен реттеу шеңберінде қаражат пайдаланылмады, – деді Қазақстан Әділет министрі Азамат Есқараев.

Ұқсас материалдар