Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 5,4 млрд доллардан асты

Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 5,4 млрд доллардан асты

Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесі Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысында талқыланды.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 8,8 пайызға өсіп, 5,4 млрд доллардан асқанын айтты.

Президенттің сөзінше, Қазақстан Түркияға жалпы құны 630 млн доллардан асатын 34 түрлі тауар бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады.

Кеңесте ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. 2025 жылы агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара сауда көлемі 25 пайызға артып, 360 млн долларға жуықтаған.

Қазір екі ел арасында бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда:
Tiryaki Agro глютен мен крахмал өндірісін қолға алған;
Alarko Holding жылыжай кешенін салып жатыр.

Жиында көлік-логистика саласындағы әріптестікке де басымдық берілді. Мемлекет басшысы түрік компанияларын Ақтау порты мен Құрық порты арқылы жүк тасымалын арттыру жобаларына қатысуға шақырды.

Сонымен қатар TAV Airports Holding компаниясының Алматы халықаралық әуежайын Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретінде дамыту бастамасына қолдау көрсетілетіні айтылды.

Кездесуде энергетика, цифрландыру, жасанды интеллект, қорғаныс өнеркәсібі және тау-кен салаларындағы серіктестікті кеңейту мәселелері де қарастырылды.

Ұқсас материалдар