Жаңалықтар
Қазақстан мен Өзбекстанның өнеркәсіптік кооперациясы құрылады
Қазақстан мен Өзбекстан ортақ өнеркәсіптік кооперация құрады. Нысан Атамекен және Гүлістан бақылау-өткізу бекеттері маңында бой көтереді.
Бұл жайлы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Меже орындалса, арадағы өндіріс өркен жайып, алыс-беріс артады, барыс-келіс жеңілдейді. Қазір қазақ тарапынан инвестор анықталып, инженерлік желілерді жүргізуге 27 млрд теңге бөлді.
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев: «Қазіргі таңда 5 ірі жоба бар. Оның жалпы құны 100 млн доллар. Оның біріншісі ауыл шаруашылығын қайта өңдеу. Оның ішінде жеміс көкенін өнімдерін шығаратыр зауыт. Тамақ өнімдерін шығаратын зауыт. Оған қоса, Түркістан облысының әкімдігі Қытайдың инвесторымен қазіргі таңда келіссөз жүргізіп жатыр. Олар ірі қоймалар салатын болады. Өнеркәсіптік кооперация ретінде сондай жобалар болады», – деді.