Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан туризм саласына 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартты

Қазақстан туризм саласына 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартты

Қазақстанда туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеден асты.

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, саладағы негізгі көрсеткіштер тұрақты өсім көрсетіп отыр. Атап айтқанда, орналастыру орындарындағы туристер саны 12%-ға артып, 10 млн адамнан асқан. Сонымен қатар Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық туризм индексінде Қазақстан 66-орыннан 52-орынға көтеріліп, позициясын едәуір жақсартты. Алдағы кезеңде елдің Топ-50 мемлекет қатарына кіруі мақсат етіліп отыр.

Инвестиция тарту бағытындағы жұмыс та қарқынды жүргізілуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласына салынған капитал көлемі 1,2 трлн теңгені құрады. Қазіргі уақытта салада 328 инвестициялық жоба іске асыру сатысында тұр. Олардың қатарында Hilton, Mandarin Oriental қонақүй кешендері, «Ой-Қарағай» курорты және Keruen Inn қонақүйлер желісінің құрылысы бар.

Аталған жобалар шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, халықаралық туристерді тарту, сондай-ақ туризм саласына заңнамалық және институционалдық қолдау көрсету Мемлекет басшысының туристік секторды дамыту қарқынын екі еселеу жөніндегі тапсырмасын орындауда шешуші рөл атқарады.

Ұқсас материалдар