Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Әзербайжаннан екі жүк кемесін алады

Қазақстан Әзербайжаннан екі жүк кемесін алады

Қазақстан Каспий теңізі арқылы контейнер тасымалын арттыру мақсатында Әзербайжаннан сыйымдылығы 780 контейнер болатын екі кеме сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, Каспий хабын дамыту аясында Ақтау және Құрық порттарын модернизациялау жұмыстары жүріп жатыр.

«Жыл соңына дейін Ақтау портында қытайлық Ляньюньган компаниясымен бірлескен контейнерлік хаб құрылысының бірінші кезеңі аяқталады. Жоба толық іске қосылғанда хабтың жылдық қуаттылығы 240 мың контейнерге жетеді. Сонымен бірге порт акваториясын тереңдету және айлақтарды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр», – деді ол.

Құрық портында «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы жалғасуда.

«Каспий арқылы контейнер тасымалын ұлғайту үшін 2027 жылға дейін Әзербайжаннан екі жаңа кеме алынады. Сондай-ақ порттарға баратын теміржол желілерінің өткізу қабілетін арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп айтты министр.

Нұрлан Сауранбаевтың сөзінше, аталған жобалар іске асқанда Ақтау және Құрық порттарының жалпы өткізу қабілеті 30 млн тоннаға дейін ұлғаяды.

Сонымен қатар министр Жаңаөзен мен Түрікменстанды жалғайтын автомобиль жолдарында күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын, олар келесі жылы аяқталатынын атап өтті.

Ұқсас материалдар