Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды

Соңғы төрт жыл ішінде Қазақстанда пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықпен берілген 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов мәлімдеді.

Аталған жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр. Жерді қайтару процесіне мемлекеттік органдармен қатар құқық қорғау құрылымдары және AMANAT партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы да тартылған.

Ресми дерекке сүйенсек, қайтарылған жердің 10,8 млн гектары қайта бөлінген. Оның ішінде 6,7 млн гектары конкурс арқылы берілсе, 4,1 млн гектары ортақ пайдалануға қалдырылған. Сонымен қатар 5,2 млн гектар жер тиісті шаралардан кейін қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген.

Жер ресурстарын бақылау аясында 7 мыңнан астам тексеру жүргізіліп, 5 мыңнан астам заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілген.

Министрлік мәліметінше, бұл шаралар жерді тиімді пайдалануды арттыруға, бөлу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы әлеуетін күшейтуге бағытталған.

Ұқсас материалдар