
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 15 054 шетел азаматы еңбек етіп жатыр.
Олар жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты негізінде жұмыс істеуде.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 909 жұмыс беруші бар. Бұл компанияларда 341 мыңнан астам қазақстандық азамат еңбек етеді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.
Шетелдік жұмыс күшінің бөлінісі:1-санат (жоғары басшылық): 561 адам
-
2-санат (бөлім басшылары): 2 348 адам
-
3-санат (мамандар): 3 980 адам
-
4-санат (білікті жұмысшылар): 1 052 адам
-
Маусымдық жұмысшылар: 3 099 адам
-
Корпоративтік ауыстыру аясында: 4 015 адам
Қытай – 5 545 адам
Өзбекстан – 2 696 адам
Түркия – 1 076 адам
Үндістан – 1 052 адам
Еңбек ететін негізгі салалар:Құрылыс – 4 929 адам
-
Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 3 140 адам
-
Тау-кен өнеркәсібі – 1 240 адам
-
Өңдеу өнеркәсібі – 1 122 адам
Шетелдік жұмыс күшін тарту квота негізінде жүзеге асады. 2025 жылға арналған жалпы квота бастапқыда 14,8 мың бірлік болып белгіленген. Кейін бұл көрсеткіш 16,5 мыңға, ал тамыз айынан бастап маусымдық кәсіптердің кеңеюіне байланысты – 19,4 мың бірлікке дейін ұлғайтылды. Бұл республикадағы жалпы жұмыс күшінің 0,25%-ын құрайды.