Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы мұнай-газ және мұнай өңдеу саласының көрсеткіштерін жариялады.
Ведомство мәліметінше, есепті кезеңде Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 28,343 млн тоннаны құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға аз.
Табиғи газ өндірісі де төмендеген. Төрт айда 19,6 млрд текше метр газ өндіріліп, көрсеткіш бір жыл ішінде 11,3%-ға қысқарған.
Мұнай өңдеу секторында да бәсеңдеу байқалады.
Атап айтқанда:
– автобензин өндірісі 1,979 млн тонна болып, 5%-ға азайды;
– дизель отыны өндірісі 1,958 млн тоннаны құрап, 0,9%-ға төмендеді;
– керосин өндірісі 0,249 млн тонна болып, 3,3%-ға қысқарды.
Ең үлкен төмендеу мазут өндірісінде тіркелген.
Қаңтар-сәуір айларында 0,476 млн тонна мазут өндіріліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірден 34%-ға төмендеген.





