Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев сот жүйесінің 2025 жылғы жұмысы туралы қорытынды жиналыста баяндама жасады.
Оның айтуынша, рақымшылық жасау туралы заң аясында 338 адам жазадан босатылып, 5 мыңнан астам сотталғанға жаза қолданылмаған, ал 8,6 мың адамның жаза мерзімі қысқартылған.
Кассациялық сатының құрылуы нәтижесінде шағым саны артқан: биыл 14 мыңнан астам өтініш, Жоғарғы Сотқа 9,7 мың кассациялық өтінішхат түскен. Бұл жаңа жүйеге сенімнің өскенін көрсетеді.
Сот актілерін түзету көрсеткіші де айтарлықтай жоғарылаған:
-
азаматтық істер бойынша – 3%-дан 18,5%-ға,
-
қылмыстық істер бойынша – 8%-дан 29%-ға.
Қылмыстық процесте ақтау үкімдері 30%-ға көбейген (109-дан 142-ге дейін). Бас бостандығынан айыруға балама жаза түрлерін қолдану жиілеп, 2 110 адамға электрондық білезік тағылған.





