Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылды

Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ құрылды

2025 жылы Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ (АЭА) іске қосылды.

Бұл туралы «QazIndustry» АҚ АЭА мен индустриялық аймақтарды дамыту дирекциясы хабарлады. Жаңадан құрылған аймақтар – «Қорқыт Ата», «Ақтөбе» және «Атырау».

Сонымен қатар, инвесторлар үшін жағдайды жақсарту мақсатында бірнеше АЭА аумағы кеңейтілді. Атап айтқанда, «Turan», «Морпорт Ақтау», «Павлодар», «Қорғас-Шығыс қақпасы», «Сарыарқа», «Jibek Joly», «Қызылжар» және «Ұлттық индустриялық мұнайхимиялық технопарк» аймақтары ұлғайтылды.

2024 жылдан бастап елімізде «инвестиция көлемі артқан сайын жеңілдіктер ұлғаяды» қағидаты енгізіліп, АЭА аумағындағы жерді мерзімінен бұрын сатып алу тетігі де қарастырылды. Бұл шаралар инвесторлар үшін тартымдылықты арттыруға бағытталған.

Қазіргі таңда Қазақстанда 17 АЭА және 67 индустриялық аймақ жұмыс істейді.

Ұқсас материалдар