Вице-премьер – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда салалық ЖИ модельдерін құру басталғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, сапалы деректер – жасанды интеллекттің негізгі ресурсы. Қазір салалық деректердің орташа цифрландыру деңгейі 57% ғана, ал тиімді ЖИ енгізу үшін бұл көрсеткіш 90%-дан жоғары болуы тиіс.
Салалық ЖИ модельдері өндірісте жергілікті деңгейде қолданылатын, жылдам әрі дәл цифрлық шешімдер жасауға мүмкіндік береді. Биыл мемлекеттік органдар мен бизнес бірлесіп өндірістерді цифрландыру жұмыстарын күшейтпек.





