«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 22 сәуірдегі № 134 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 11 мамырдан бастап республикалық маңызы бар «Балқаш-Бурылбайтал» автомобиль жолының 1864-1955 шақырым аралығындағы учаскесі ақылы болатынын хабарлады.
Ақылы жол учаскесінің жалпы ұзындығы 91 шақырым, І-б санаты, өту жолағының ені кемінде 3,75 метр, екі бағытта екі жолақ.
Балама тегін жол «Балқаш – Қарағанды – Қарқаралы – Аягөз – Талдықорған – Көктал – Шунджа – Көкпек – Алматы – Құрты – Бурылбайтал» автомобиль жолы арқылы ұсынылады.
Жеңіл, автобус, жүк көліктері үшін айлық және жылдық абонемент ұсынылады. Ол үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу қажет.
Сондай-ақ, төлемді кейінгі немесе алдын ала төлеуге болады. Жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн төлем қарастырылған.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Алматыда испаниялық Joma 2026 жылы шығатын жаңа топтамасын таныстыруда
- 11 желтоқсан, 2025





