Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда такси бағасы ЕЭО елдерінен екі есе қымбат

Қазақстанда такси бағасы ЕЭО елдерінен екі есе қымбат

Тіршілік нарқы мен сапасы туралы әлемдегі ең үлкен мәліметтер базасы саналатын Numbeo сайты такси бағасына қатысты мәлімет жария етті. 

Бұл сайттың деректеріне қарағанда, елімізде таксидің стандартты тарифімен 1 шақырым жол жүру құны орташа есеппен 0,63 долларды құрайды.

Бұл Ресей, Беларусь және Өзбекстан сияқты көрші елдерден шамамен екі есе қымбат. Мәселен, Беларусьта 0,3, Ресейде 0,31, Өзбекстанда 0,3 доллардан келеді.

Ең қымбаты – Бахрейн. Онда әр шақырымына 5 доллардан асады. Одан соң Швейцария мен Люксембург елдері тұр. Оларда 4,45 және 3.64 доллардан есептеледі.

Айта кетері, экономикалық одаққа кіретін елдер арасында жанармай мен автогаз (пропан-бутан) бағасы Қазақстанда ең арзан болып саналады. Жанармай бағасы кейде басқа елдерге қарағанда екі есеге дейін төмен. Алайда ауа райының қолайсыз жағдайларында, мысалы, қар жауып немесе жаңбыр кезінде такси қызметі бағасы одан да қымбаттап кетеді.

Ұқсас материалдар