“2036 жылы жарық мұнай өнімдерінің тапшылығы күтілуіне байланысты жылына 10 млн тонна мұнай өңдеу қуаттылығы бар жаңа МӨЗ жобасын 2030 жылдан кешіктірмей жобалау және 2032 жылы құрылысын бастау қажет”, – делінген Сәтқалиевтің парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында айтқан баяндамасында.
Қазіргі уақытта Қазақстанда үш ірі мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді: Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ), Шымкент мұнай өңдеу зауыты және Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ).