Жаңалықтар
Қазақстандықтардың 71,12% референдумда АЭС құрылысын қолдап дауыс берді - ОСК
Комиссия төрағасының айтуынша, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан азаматтарының жалпы саны 12 млн 284 мың 487. Оның 7 млн 820 мың 204-і дауыс берген. Бұл референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар санының 63,66 пайызы.
«Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқандардың 71,12 пайызын немесе 5 млн 561 мың 937 адамды құрады. Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға қойылған мәселеге қарсы дауыс берген адамдардың саны дауыс беруге қатысқандардың ішінен 2 млн 45 мың 271 болды», - деді Нұрлан Әбдіров.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қаржы
Өткен 11 айда отандастарымыздың зейнетақы активтері 4,25 трлн теңгеден асты
- 28 желтоқсан, 2024