Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтардың табысы төмендей бастады

Қазақстандықтардың табысы төмендей бастады

Halyk Finance сарапшылары 2025 жылдың төртінші тоқсанындағы халықтың нақты ақшалай табысын талдап, қазақстандықтардың сатып алу қабілетінің өсімі баяулағанын анықтады. 

Мамандардың айтуынша, бұған бірнеше негізгі фактор әсер еткен:

  • 2025 жылы бағаның жоғары қарқынмен өсуі;
  • жалақының жеткілікті деңгейде артпауы.

Қаржы тапшылығының салдарынан азаматтар несиеге жиі жүгініп жатыр. Соның нәтижесінде тұтынушылық несиелер көлемі айтарлықтай өскен. Мәселен, 2025 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 2024 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 21%-ға артқан.

Айта кетейік, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда несие беру тәртібі өзгереді. Жаңа талаптар қарыз алушылардың табысына көбірек назар аударуды көздейді. Енді банктер несие бермес бұрын клиенттің төлем қабілеттілігін әлдеқайда қатаң тексереді.

Қай топтарға әсер етеді?

Жаңа шектеулер ең алдымен ресми емес табысы бар азаматтарға қатысты болады. Мысалы:

  • қолма-қол жалақы алатын жұмысшылар;

  • еңбек келісімшарты жоқтар;

  • тұрақты немесе расталған табысы жоқтар.

Ұқсас материалдар