Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстанның IT экспорты 470 миллион доллардан асты

Қазақстанның IT экспорты 470 миллион доллардан асты

2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның IT экспорты 470 миллион доллардан асты.

Ал 2024 жылдың соңына қарай экспорт 700 миллион долларды құрайды деп күтілуде. Былтыр тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан IT қызметтерінің экспорты 471 миллион долларға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға жоғары, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

«Қазақстанның IT-экспорты 2024 жылдың 9 айында 471 млн долларды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. млн. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылы 1 млрд долларға жету керек», –  деді Мәдиев үкімет отырысында.

Оның айтуынша, Astana Hub халықаралық технопаркі ІТ-экспортты дамытуда маңызды рөл атқарады, мұнда резиденттердің саны 1500-ден асты, оның ішінде 400-і халықаралық.

         «2024 жылы олардың жалпы кірісі 620 млрд теңгені құрады. Сонымен бірге экспорттан түскен кіріс 227 млрд теңгені, яғни 479 млн долларды құрады», – деп қосты министр.

Ұқсас материалдар