Бұл туралы forbes.kz жариялады. Компанияның консолидирленген табысы 1,2 трлн теңгені құрады. Операциялық пайда 498 млрд теңгеден асса, таза пайда 533 млрд теңгені көрсетті.
Салыстыру үшін айта кетсек, 2024 жылдың осындай кезеңінде таза пайда 745 млрд теңге болғанымен, консолидирленген табыс 1,13 трлн теңгені құраған.
Уран өндірісі де өсім көрсетті. Тоғыз айда компания 18 709 тонна уран өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% көп (2024 ж. – 16 751 тонна). Топ бойынша сатылым көлемі 10%-ға өсіп, 12 776 тоннаға жетті.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» – әлемдегі ең ірі уран өндіруші. 2024 жылы компания жаһандық алғашқы уран өндірудің шамамен 21%-ын қамтамасыз етті. Компания және оның еншілес ұйымдары 27 кен орнында жұмыс істейді, олар 14 уран өндіруші кәсіпорынға біріктірілген.
Компания акцияларының 75%-ы «Самұрық-Қазынаға» тиесілі, қалған 25%-ы AIX және LSE биржаларында айналымда.





