ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автожолдардың бойындағы тазалық мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, жүргізушілер мен тұрғындарды экологиялық мәдениетті сақтауға шақырды.
Ұлттық компанияның мәліметінше, республикалық трассалар тек елді мекендерді байланыстыратын көлік дәлізі ғана емес, күн сайын мыңдаған адам пайдаланатын ортақ қоғамдық кеңістік саналады. Сондықтан жол бойындағы тазалық пен тәртіпті сақтау әрбір азаматтың жауапкершілігі болуы тиіс.
Жол қызметкерлері күн сайын трассалардағы қоқысты жинап, санитарлық аймақтарды тазалап, дәретханалар мен жол бойындағы инфрақұрылымды күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізеді. Алайда кейбір азаматтардың жауапсыз әрекеттері бұл жұмысты қиындатып отыр.
Компания өкілдерінің айтуынша, жол жиегіне қоқыс тастау, демалыс орындарын ластау, санитарлық нысандарды мақсатсыз пайдалану деректері әлі де жиі кездеседі. Тіпті кей жағдайларда жол бойындағы қоқыс жәшіктеріне тұрмыстық және құрылыс қалдықтарымен бірге өлген малдың өлексесін тастау фактілері тіркелген.
– Бұл тек тазалық мәселесі емес. Бұл – экологиялық мәдениет пен қоғамдық жауапкершіліктің көрсеткіші. Біреудің салғырттығынан санитарлық жағдай нашарлап, кейін сол жағдайға қоғамның өзі шағымданады, – дейді компания мамандары.
«ҚазАвтоЖолдың» хабарлауынша, республикалық жолдар бойындағы тазалықты сақтау мен санитарлық нысандарды күтіп-ұстауға жыл сайын қомақты қаржы жұмсалады. Бұл қаражаттың бір бөлігі жауапсыз азаматтар қалдырған қоқысты жинауға кетеді.
Осыған байланысты ұлттық компания жол пайдаланушыларды табиғатты қорғауға, қоқысты арнайы орындарға тастауға және жол бойындағы инфрақұрылымға ұқыпты қарауға шақырды.
– Республикалық жол – қоқыс төгетін орын емес. Бұл – баршаға ортақ мемлекеттік мүлік. Оның тазалығы жолшылардың ғана емес, әрбір жүргізуші мен жолаушының мәдениетіне байланысты, – деп атап өтті компания өкілдері.
Ведомствоның пікірінше, жол бойындағы тазалық әлеуметтік желідегі сыннан емес, әр азаматтың күнделікті жауапты әрекетінен басталады.