Бүгін Алматы облысының Кеген ауданы орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар, Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.
Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Ескерткіштің ашылу рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты. Ескерткішті облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов ашты.

Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде қайраткердің ел дамуына қосқан зор үлесін атап өтіп, оның еңбегінің ұлт тарихында мәңгі сақталатынын жеткізді.
«Бұл ескерткіш – халқымыздың қайраткерге деген шынайы құрметінің белгісі. Ұлт жанашыры ретінде Заманбек Нұрқаділов ел егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосты. Осындай тұлғалардың еңбегін ұрпаққа мұра ету – біздің ортақ парызымыз. Сондай-ақ, биіктігі 4,5 метр болатын бұл туындының авторлары Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметовке алғысымызды білдіреміз», деп атап өтті Нұржан Құдайбергенов.
Салтанатты рәсімнен кейін ас беріліп, Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітабы таратылды.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Дүниежүзілік банк 3,5 млрд доллар болатын 5 ірі жобаны жүзеге асыруда
- 04 желтоқсан, 2024
Билік
Жаңалықтар
Биыл жер қойнауын пайдаланушылар 4,3 трлн теңге инвестиция құйды
- 03 желтоқсан, 2024