Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Кит Келлог Украина мен Ресей бойынша арнайы елші қызметін атқарады

Кит Келлог Украина мен Ресей бойынша арнайы елші қызметін атқарады

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Украина мен Ресей бойынша арнайы елші қызметіне Кит Келлогты ұсынды.

«Мен генерал Кит Келлогтың кандидатурасын президент көмекшісі және Цкраина мен Ресей бойынша арнайы елші қызметіне ұсынуға қуаныштымын. Біз бірге бейбітшілік орнатып, Американы қайтадан қауіпсіз етеміз», – деп жазды Дональд Трамп. 

Трамп бұған дейін АҚШ президенті болған тұста Кит Келлог Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде жұмыс істеп, вице-президент Майк Пенстің ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі қызметін атқарған болатын. 

Бұған дейін Кит Келлог соғыс майданын ағымдағы позициясында тоқтатып қойып, ресми Киев пен Мәскеуді келіссөз жүргізуге мәжбүрлеу арқылы Украинадағы қақтығысты тоқтатуды ұсынған болатын. Ол соғысты келіссөз арқылы шешуге үндеп, Украина тарапының ауқымды шығындарға батуына алаңдаушылық білдірді. 

Ұқсас материалдар