Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Колледж есепшісі 243 млн теңгені жеке шотына аударған

Колледж есепшісі 243 млн теңгені жеке шотына аударған
 Маңғыстау облысының прокуратурасы техникалық колледждің қызметіне тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтердің 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.

Бұл факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізді.

– Маңғыстау аудандық сотының 2025 жылғы 9 шілдедегі үкімімен колледждің бас есепшісі ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылды, – делінген ведомство хабарламасында.

Ұқсас материалдар