Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы 1 желтоқсанда инфляция жағдайы туралы мәлімет жариялады.
Ведомство дерегінше, қараша айында айлық инфляция деңгейі 0,8 пайызды құрады.
Азық-түлік тауарлары арасында қырыққабат 2,5 пайызға, сәбіз 2 пайызға, қызылша 1,4 пайызға, қант 1,3 пайызға, апельсин 1 пайызға, күріш 0,5 пайызға арзандады. Ал тәтті бұрыш 5,2 пайызға, түсті қырыққабат 5,1 пайызға, лимон мен шоколад әрқайсысы 1,9 пайызға, рожки 0,4 пайызға қымбаттады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде қуат үнемдейтін шамдар 1,7 пайызға, Қазақстанда құрастырылған жаңа автокөліктер 1,2 пайызға, қазан 0,8 пайызға арзандады. Смартфондар 5,4 пайызға, кір жуғыш машиналар 2,5 пайызға, төсек орын жинақтары 0,5 пайызға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында да өзгерістер байқалды: суық су тарифі 7,1 пайызға, су бұру 6,2 пайызға, орталықтан жылыту 4,9 пайызға, электр энергиясы 2,7 пайызға төмендеді. Ал қызмет көрсету саласында шет тілдерін оқыту курстары 2,6 пайызға, асханадағы түскі ас 1,6 пайызға, дәрігерге алғашқы қаралу 0,7 пайызға қымбаттаған.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
7,9 млрд теңге жымқыру ісі: құрылыс компаниясының қызметкерлері ұсталды
- 01 желтоқсан, 2025





