Жаңалықтар
Қосылған құн салығы 16%-ға дейін ұлғая ма? – Заң жобасы Мәжіліске ұсынылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске салық кодексінің жобасына түзетулер пакетін енгізді.
Өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған.
Негізгі түзетулер:
• Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету – 20 000 АЕК (78,6 млн теңге) 3 800 АЕК (15 млн теңге) дейін;
• Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
• Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.