Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Кәсіпкермін» деген мыңға жуық адам 1,5 млрд теңге субсидия алған

«Кәсіпкермін» деген мыңға жуық адам 1,5 млрд теңге субсидия алған

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов субсидиялау саласындағы қаражаттың қалай қолды болып жатқанын айтты.

Мұндай деректер оңтүстік өңірлерде және Ұлытау облысында анықталып отыр.  Бұл туралы Мәжіліс депутаты Абзал Құспан ЖАП төрағасының баяндамасын мұқият тыңдаған соң:  

«Есепте көрсетілгендей, негізінен әкімшілік материалдар толтырған екенсіз. 4 материалды құқық қорғау органдарына беру жоспарда бар екенін атап көрсеткенсіз. Осыған байланысты сұрағым бар. Бұл қай органдарға қатысты? Қандай сома туралы айтып отырсыздар? Егер жергілікті атқарушы органдары болса, онда қай өңір? Осылардың бәрін атап көрсетсеңіз. Бірден ескерте кетейін, субсидия – мемлекеттің қаражаты, тиісінше халықтың қазынасы. Ол ешқандай мемлекеттік құпия болуға жатпайды және тергеу органдарына беріліп, әлі қылмыстық іс тіркелмегендіктен, тергеу құпиясына да жатпайды», – деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың сөзінше, палата ең ірі бұзушылықтарды тергеу органдарына жіберуге жоспарлап отыр.

«Оңтүстік өңірлерде және Ұлытау облысында бір мыңға жуық адам кәсіпкерлік ісіне 1,5 млрд теңгеге субсидия алды. Бірақ салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмеген.

Түркістан облысында 15 субъект 225 млн теңгеге жоқ инвестицияға субсидия алған. Қолдан жасалған шот-фактуралар дейміз ғой. Абай облысында екі кәсіпорын сатып алынбаған ауыл шаруашылығы техникасына 131 млн теңгені субсидия алды. Олар жалған ақпарат берген.

Одан басқа Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті ауыл шаруашылық басқармаларының 8 лауазымды тұлғасын әкімшілік жауапкершілікке тартып отырмыз», – деді ол.

Ұқсас материалдар