Қырғызстан президенті Садыр Жапаров көлік салығы жойылатынын мәлімдеді.
«Мен көлік салығын толығымен алып тастау туралы тапсырма беріп, тиісті қаулыға қол қойдым», – деді Жапаров әлеуметтік желідегі парақшасында. Оның айтуынша, бұл шешім «Жол қоры туралы» заңға әр литрден жанармай жинауды қарастыратын өзгерістердің күшіне енуіне байланысты. Енді көліктерден салық алынбайды, оның орнына 1 қаңтардан бастап автокөлікке құйылған бензин немесе дизель отынының әр литрі үшін бір сом алынады», – деді Жапаров.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін көлік салығын төлемеген азаматтарды салықтан босатуды тапсырды.
«Сондай-ақ біз заңды және жеке кәсіпкерлердің 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін жинақталған барлық қарыздарын кешірдік. 2022 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдегі салықтар тексерілмейді. Мен шаруаларды жер салығынан босатуға мораторий мерзімін 2030 жылға дейін ұзарттым.
Салықты төлемесең, ақыры құтылып кетесің деген ойдан арылу керек. Салықты уақтылы төлеу – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Біз тамсанатыны, дамыған елдерде салық киелі. Төлемеу немесе жалтару үшін өте ауыр жазалар бар. Сондықтан елімізде салық қасиетті болуы керек. Бұдан былай салықтарыңызды уақытылы төлеңіздер», – деп қорытындылады Жапаров.