![Қыркүйек-қаңтар айларында 4,8 млн тонна астық экспортталды](/uploads/posts/1739190021_mgKKdUYbJ3-Wv5Cs7N0KJgQTVeIqCQ9J/image/post7.jpeg)
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жедел мәліметтері бойынша 2024/2025 жылғы қыркүйек-қаңтар айларында 6,1 млн тонна астық тасымалданды.
Оның ішінде 1,3 млн тоннасы – ел ішінде, ал 4,8 млн тоннасы – экспортқа жіберілді. Экспорт көлемінің өсуі – 47%.
Экспорт бағыттары: Өзбекстан – 1,8 млн тонна (+40%); Тәжікстан – 724 мың тонна (+50%); Қытай – 659 мың тонна; Ауғанстан – 217 мың тонна (+38%); Иран – 576 мың тонна (өсім 29 есе); Әзірбайжан – 266 мың тонна (өсім 88 есе).
2024 жылдың қорытындысы бойынша: 10,6 млн тонна астық тасымалданды, оның 2,5 млн тоннасы – ел ішінде, 8,1 млн тоннасы – экспортқа жіберілді. 3,2 млн тонна ұн тасымалданды, оның 817 мың тоннасы – Қазақстан ішінде, 2,4 млн тоннасы – экспортқа (өсім +3%).
Ұнның негізгі импорттаушылары: Орталық Азия елдері, Қытай, Ауғанстан және басқа да мемлекеттер.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда автосақтандыру бағасы қымбаттайды
- 11 ақпан, 2025
Жаңа Салық кодексі Парламент қарауына қашан енгізіледі?
- 11 ақпан, 2025