Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қытай Қазақстанға АЭС салуға көмектесе ме?

Қытай Қазақстанға АЭС салуға көмектесе ме?

Қытай мен Қазақстан энергетика саласында ынтымақтастықты нығайтпақ.

Энергетика министрлігінің басшысы Қытай серіктестерімен атом энергетикасы, мұнай-газ жобалары және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты талқылады.

2024 жылғы 10-13 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі А.Сәтқалиев бастаған қазақстандық делегация Қытай Халық Республикасында жұмыс сапарымен болды.

Бейжіңде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мемлекеттік энергетика басқармасының басшысы Х.Ванмен және ҚХР Атом энергиясы агенттігі төрағасының орынбасары Ц.Люмен кездесті.

Тараптар атом энергетикасы, мұнай-газ, электр энергетикасы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұл ретте Қытай тарапы Қазақстанға АЭС құрылысы жобасын жүзеге асыруда қолдау көрсетуге жоғары деңгейде дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ А.Сәтқалиев қысқа тізімге енгізілген ядролық технологияның әлеуетті жеткізушісі Қытай Ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директоры Ю.Шэнмен келіссөздер жүргізді.

Делегация сонымен қатар НПР-1000 реакторы бар салынып жатқан Чжанчжоу атом электр станциясын, "Shanghai Electric" атомдық энергия корпорациясының өндірістік базалары мен Қытайдың орталығындағы уранды қайта өңдеу және байыту зауытын аралады.

Уран конверсиялау және байыту зауытына бару Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтің Жолдауына сәйкес уранды конверсиялауды және байытуды қоса алғанда, құнды кластерлерді құру қажеттігі бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жүргізіп жатқан жұмыстардың жалғасы ретінде болды.

Еске салсақ, 2024 жылдың 6 қазанында республикалық референдум өтіп, онда азаматтардың көпшілігі атом электр станциясын салу идеясын қолдаған болатын.  

Ұқсас материалдар