Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қытай Ұлыбритания мен Канада азаматтарына визасыз кіруге рұқсат берді

Қытай Ұлыбритания мен Канада азаматтарына визасыз кіруге рұқсат берді

Қытай Ұлыбритания мен Канада азаматтарына туристік, іскерлік және транзиттік сапарлар үшін 30 күнге визасыз кіруге рұқсат бермек.

Жеңілдетілген тәртіп жыл соңына дейін күшінде болады.

Келісімдер ресми сапарлар барысында жасалған. Бейжің мен Лондон экономика, сауда және ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастық құжаттарына қол қойса, Оттавамен келіссөздер нәтижесінде қытай электр көліктеріне тарифтер 16 есеге қысқартылып, Канададан әкелінетін кейбір ауыл шаруашылығы өнімдеріне баж салығы төмендетілді.

Ұқсас материалдар