
China Southern Airlines әуе компаниясы Гуанчжоу – Алматы – Гуанчжоу бағытындағы жаңа халықаралық әуе бағытын іске қосты. Рейстер апта сайын дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.
Еске салайық, Қытайдан Қазақстанға ұшатын ұшақтарға билет брондау 80% өскен.
Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізілгелі бері 2024 жылы Қытайдан Қазақстанға сапарлаған туристер саны 655 мың адамға жеткен, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78% көп.
Бұған дейін Биыл Қазақстан 32 халықаралық әуе рейсін іске қосатынын жазғанбыз. Оның 15-сі мүлде жаңа бағыттар болмақ. Ал жаңа лоукостерлердің тізімінде Spice Jet (Үндістан), Thai AirAsia X (Таиланд), Easter Jet (Оңтүстік Корея), T’Way Air (Оңтүстік Корея), Air Arabia Abu Dhabi (БАӘ) бар.