
Қытайдың екі инвесторы Қазақстан көмірін терең өңдеуге тартылады. Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында мәлім етті.
«Елімізде көмір қоры ауқымды екенін ескерсек, бұл бағыт шикізаттық модельден бас тарту мен қосылған құнды арттырудың негізгі жолы бола алады. Осы мәселе бойынша өндірісі жоғары дамыған қытайлық инвесторлармен, атап айтқанда China Energy және East China Engineering and Technology сияқты ірі компаниялармен жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді министр.
Сондай-ақ, аталған саланы дамытудың жол картасы әзірленгенін еске салды.
«Осы жол картасының аясында отандық ірі көмір өндіруші кәсіпорындар мен ғылыми институттар көмірді терең өңдеудің озық технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», – деді Ерсайын Нағаспаев.