Ухань қаласында QazTrade ұлттық сауда компаниясының жаңа өкілдігі іске қосылды.
Жаңа кеңсе Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, Қытай нарығындағы сауда байланыстарын кеңейтуге бағытталған. Ухань – елдегі ірі көлік-логистикалық хабтардың бірі.
Компания өкілдерінің айтуынша, бұл кеңсе қазақстандық бизнестің Қытайда тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Сапар аясында QazTrade пен GuanYu International Supply Chain арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
2025 жылы Хубэй провинциясымен тауар айналымы 163,6 млн долларды құрап, 12,1%-ға өскен.





