Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

ҚазҰУ қайғылы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады

ҚазҰУ қайғылы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттің өлімі туралы ресми мәлімдеме жасап,  оқиғаның университет үшін орны толмас ауыр қайғы екенін мәлімдеді.

Универистеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша қайғылы жағдайға байланысты университет басшылығы тарапынан шұғыл шаралар қабылданып, тәрбие жұмысын ақсатқаны, жатақханадағы қауіпсіздік пен тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ете алмағаны үшін Басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы лауазымдарынан босатылған.

Жатақханада сол күні кезекшілікте болған жауапты қызметкерлер жұмыстан шеттетіліп, әрекеттеріне құқықтық баға берілуде.

«Қазаның отбасы үшін қаншалықты ауыр екенін терең сезініп, ата-ана мен жақындарының қайғысына ортақтасамыз. Университет отбасымен байланыста және қажетті қолдау көрсетуге әрдайым дайын. Қазіргі таңда барлық жатақханаларда кешкі бақылау күшейтіліп, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіби психологиялық көмек көрсету бойынша қосымша шаралар енгізілді», - деп хабарлады оқу орнынан.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша Университет бұл оқиғаға қатысты ешқандай деректі жасырмайды, құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тергеуге толық көмек көрсетуде және істің әділ, ашық өтуіне тікелей мүдделі.

«ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиясына байланысты өзге ақпаратты жариялай алмағанымызбен, қоғам мен марқұмның жақындары үшін барлық жаңалықтар туралы шынайы түрде хабарлап отырамыз», - деп хабарлады ЖОО Баспасөз қызметінен.

 

Ұқсас материалдар