Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

LED экранда Украина туы: ІІМ қылмыстық іс қозғады

LED экранда Украина туы: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Кеше «Керуен Медиа» ЖШС-ға қатысты оқиға бойынша Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады.

Ақпаратқа сәйкес, қазір оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен құрылғының жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады, – делінген хабарламада.

«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мәліметінше, шабуыл прокси-серверлерді қолдана отырып, шетелдік IP-мекенжайлардан жасалған. Бұл ретте компания әсер ету көзін және пайда болу тетігін айқындау бойынша техникалық іс-шаралар кешенін жүргізетінін мәлімдеді.

Ұқсас материалдар