Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Әлия Адамбаева «Дара» Президенттік бастамалар қорын басқарады

Әлия Адамбаева «Дара» Президенттік бастамалар қорын басқарады

Қамқоршылық кеңестің шешімімен «Дара» Президенттік бастамалар қоры президенті қызметіне Әлия Адамбаева тағайындалды.

Әлия Адамбаева медиа, үкімет және қаржы салаларында 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол бұған дейін «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ, Қазақстан Ұлттық банкі, «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінде басшылық және кеңесші қызметтер атқарған.

Сондай-ақ Әлия Адамбаева Қазақстанның жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси БАҚ-тарында редакциялық және басқарушылық қызметтерде жұмыс істеген.

Ол журналистика мамандығы бойынша жоғары білімге, экономика және бизнес магистрі дәрежесіне, сондай-ақ MBA және Executive MBA дипломдарына ие.

Ұқсас материалдар