Листинг - бағалы қағаздарды қор биржасындағы ресми сауда-саттыққа жіберудің, оны қор биржасының баға белгілеу парағына қосудың рәсімі. Листинг екінші сөзбен бағалы қағаздар деп аталады.
Листинг – қандай да бір бағалы қағаздарды KASE ресми тізіміне енгізу процедурасы.
KASE ресми тізімі – бағалы қағаздар тізімінің бір бөлігі, осы тізімге енгізілу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттері реттеушінің листингілік талаптарына, сондай-ақ KASE қосымша листингілік талаптарына сай болуы тиіс.
Эмитент – бағалы қағаздардың шығарылымын жүзеге асырған немесе жоспарлаған ұйым. Листингілік компания – шығарған бағалы қағаздары KASE ресми тізіміне енгізілген эмитент-ұйым. Қаржылық кеңесші – бағалы қағаздарды KASE ресми тізіміне енгізу және олардың осы тізімде болу сұрақтары бойынша кеңес берушілік қызметтер көрсететін ұйым.Листинг процедурасы
Биржадағы листинг процедурасына эмитентті және оның бағалы қағаздарын Биржаға ұсынылған құжаттар мен ақпараттар негізінде уәкілетті органмен, сондай-ақ Биржаның ішкі құжаттарында анықталған, листингілік талаптарға сәйкестігіне тексеру кіреді.
Компанияның бағалы қағаздарын Биржаның ресми тізіміне енгізу туралы шешімді арнайы органмен – Литсингілік комиссиямен қабылданады.
Бағалы қағаздар Биржаның ресми тізімге енгізілгеннен кейін, осы бағалы қағаздардың сауда-саттығы тізімге енгізілген күннен кейін үш ай аралығында ашылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамасында бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығына инвесторларды тарту үшін салықтық жеңілдіктер жүйесі белгіленген. Атап айтқанда, салық төлеуші мынадай кірістер бойынша салық салынатын кірістерін азайтуға құқы бар:
- сыйақылар есептелген датаға, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасының ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
- Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен сатылғандағы, сатылу датасына осы қор биржасының ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар құнының өсімінен түскен кірістер;
- дивидендтер мен сыйақылар есептелген датаға, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет ететін қор биржасының ресми тізімінде тұрған, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар.