Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық банк 2026 жылғы Олимпиадаға арналған коллекциялық монета шығарды

Ұлттық банк 2026 жылғы Олимпиадаға арналған коллекциялық монета шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Спорт» сериясы аясында «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты жаңа коллекциялық монетаны айналысқа шығарды.

Номиналы 1000 теңге болатын монета 925 сынамалы күмістен жасалған, proof сапасында орындалып, түсті басып шығару технологиясы қолданылған. Монетаның салмағы – 20 грамм, диаметрі – 37 мм. Шектеулі таралымы – 2000 дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалып, немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматика компаниясымен серіктестікте шығарылған.

Ұлттық банктің хабарлауынша, бұл монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрі бойынша өз номиналдық құнымен қабылданады, сондай-ақ елдегі барлық банктерде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Коллекциялық монеталардың сатылымға қашан шығатыны туралы қосымша ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында кейінірек жарияланады.

Ұқсас материалдар