Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық Банк ÚKI инвестициялық монетасын айналымға шығармақ

Ұлттық Банк ÚKI инвестициялық монетасын айналымға шығармақ

Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 17 наурыздан бастап инвестициялық монетаның цифрлық баламасы – Gold Coin жобасы іске қосылатынын хабарлады.

Gold Coin жобасының мақсаты – Қазақстан азаматтарына заманауи технология мен цифрлық экономика жағдайында инвестициялауға және капитал жинақтауға балама көз ұсыну. 

«Gold Coin-ның бір бірлігі алтынның 1/20 троя унциясына тең. Оның құны Лондонның бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) белгілеген алтын бағасына және сатып алу/сату күні алдындағы теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамына байланысты болады.              

Tabys мобильді қосымшасын пайдаланушы онлайн режимінде Gold Coin сатып ала алады, оны және сатуға да, сыйға тартуға да мүмкіндік бар. Сондай-ақ, жиырма эквивалент (бірлік) жинақталғанда, Gold Coin-ды Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын – ÚKI инвестициялық монетасына айырбастауға болады», – делінген Ұлттық банк хабарламасында.    

ÚKI инвестициялық монетасы айналымға шыққалы тұр, оны 2025 жылдың 17 наурызынан бастап сатып алуға болады.

Ұқсас материалдар