Қазақстан Ұлттық банкінің басқармасы ақша және валюта нарығындағы жағдайды қараған отырысында цифрлық активтер саласына қатысты бірқатар пилоттық жобаны мақұлдады.
Үш бағыт бойынша бес жоба жүзеге асырылады: цифрлық активтер биржасын құру, брокерлік қызмет көрсету және ақшаға байланған цифрлық активтерді шығару.
Ұлттық қор бойынша деректер де жарияланды. 2025 жылдың үшінші тоқсанында қордың валюта активтері 2,5 млрд долларға өсіп, 62,7 млрд долларға жетті. Тоқсандық инвестициялық табыс 2,6 млрд долларды, ал жыл басынан бергі өсім 3,9 млрд долларды құрады. Тоғыз айдағы жалпы табыстылық 7,1 млрд доллар немесе 12,3% болды.
Бұдан бөлек, банкке жатпайтын қаржы ұйымдарына арналған пруденциялық нормативтерге және микрокаржы ұйымдары мен кредиттік бюролардың есеп беру қағидаларына өзгерістер енгізілді.





