Қазақстан халқының саны 2025 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша 20 445 231 адамды құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері ел тұрғындарының саны 161 832 адамға артқан. Оның ішінде табиғи өсім есебінен – 151 632 адам, ал көші-қон есебінен – 10 200 адам қосылған.
Қазіргі таңда елдегі жеті өңірде халық саны 1 миллионнан асқан:
- 
Алматы қаласы – 2 337 023 адам
 - 
Түркістан облысы – 2 148 207 адам
 - 
Астана қаласы – 1 612 512 адам
 - 
Алматы облысы – 1 586 875 адам
 - 
Шымкент қаласы – 1 286 087 адам
 - 
Жамбыл облысы – 1 216 849 адам
 - 
Қарағанды облысы – 1 131 818 адам
 
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел халқының өсімі негізінен табиғи жолмен қамтамасыз етіліп отыр, яғни туу көрсеткіші өлім көрсеткішінен айтарлықтай жоғары.





