Қаржылық тұрақтылық тәуекелдерін шектеу үшін Ұлттық Банк наурызда 990,5 млн долларға валюталық интервенциялар жүргізген. Бұл туралы ҰБ төрағасы Ғалымжан Пірматов хабарлады.
Бюджетке берілетін трансферттер үшін Ұлттық қордан 891 млн долларды сату және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 233,4 млн доллар мөлшерінде валюталық түсімдерін сатуы теңгеге қолдау көрсетті.
«Теңге бағамы наурызда төмендеуінің едәуір бөлігін қалпына келтірді және ай қорытындысы бойынша 5,7%-ға нығайып, бір доллар үшін 467,03 теңге болды. Ұлттық валюта бағамы сәуірдің басында нығаюын жалғастырып, 11 сәуірде 449,63-ті құрады», – деді Пірматов Үкімет отырысында.
Айта кетейік, наурызда геосаяси тәуекелдердің орын алуы және Ресей рублінің жоғары құбылмалылығы теңге бағамына қысым жасады. 16 наурызда теңге бағамы биржада бір доллар үшін 512,17 теңгеге жетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024