Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ұлттық Банк теңгенің не себепті нығайғанын түсіндірді

Ұлттық Банк теңгенің не себепті нығайғанын түсіндірді

Нұр-Сұлтан. 1 маусым. 7kun.kz – Мамыр айының қорытындысы бойынша, ұлттық валюта 1 доллар үшін 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8%-ға нығайды. Ұлттық банк бұған не әсер еткенін түсіндірді, деп хабаралайды 7kun.kz.

Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,2 млрд АҚШ доллары болған кезде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 115 млн АҚШ долларын құрады.

«Ұлттық валютаның нығаюына бірқатар фактор әсер етті, оның ішінде: энергия тасымалдаушылардың тұрақты жоғары бағасы мен экспорттаушылардың салықтық төлемдер кезеңі, жеке тұлғалар тарапынан шетел валютасына сұраныстың төмендеуіне байланысты нарыққа қатысушылардың сентиментінің өзгеруі, ресей рублінің де, тұтастай алғанда, дамушы елдердегі валюталардың бағамы да бар», – делінген ҰБ хабарламасында.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін айдың басында 4 млн АҚШ доллары сатылды. Бұдан әрі трансферттер Ұлттық қорға түсетін түсімдер есебінен қамтамасыз етілуіне байланысты Ұлттық қордың валюталық қаражатын конвертациялау талап етілмеді.

Инвестициялық портфельді әртараптандыру үшін зейнетақы активтерінің валюталық үлесін кемінде 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында мамырда БЖЗҚ зейнетақы активтері үшін валюта нарығында 74,5 млн АҚШ доллары сатып алынды.

Қысқа мерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтардағы ахуалға байланысты болады.

Ұқсас материалдар