Жаңалықтар
Ұлыбританиядағы маусымдық жұмыстардан оралған мигранттарға грант беріледі
Байқауды «Орталық Азиядан Ұлыбританияға маусымдық жұмысшылардың қауіпсіз көші қоны» жобасы аясында Ұлыбритания үкіметінің қолдауымен Халықаралық көші-қон жөніндегі ұйым (ХКҚҰ) ұйымдастырған. Жоба тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғауды қолдау мақсатында ға көмектесуге бағытталған.
Үміткерлер төмендегі тақырыптар бойынша жоба ұсына алады:
• Экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру.
• Жаңартылатын энергия көздері мен энергия үнемдеу технологияларын әзірлеу және
енгізу.
• Шикізатты қайта қолдану арқылы тауарлар өндіру және қалдықтарды қайта өңдеу.
• Экологиялық туризмді дамыту (бағыттар, бұйымдар, экологиялық кластерлер құру).
• Қалаларда жасыл көлікті дамыту үшін шешімдер әзірлеу.
• Жасыл цифрлық шешімдер (мобильді қосымшалар, деректерді есепке алу және
климаттың өзгеруін болжау жүйелері).
• Тұрақты даму және экологияны қорғаумен байланысты басқа да бизнес түрлері.
Жасыл технологияларды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру.
Байқау екі кезеңде, 20 қараша – 4 желтоқсанда бірінші, 26 қараша – 13 желтоқсан аралығында екінші кезеңде өтеді. Қатысушыларға міндетті талап: Ұлыбританияда еңбек көші-қон тәжірибесінің болуы керек.
Бірінші кезеңде өтінімді толтырып, iomastana@iom.int поштаға жіберу керек. Бірінші кезеңдегі іріктеуден сәтті өткен қатысушылар бизнес-жоспар әзірлейді. Арнайы семинарға қатысып, жобаларын бағалау комиссиясының алдында қорғайды.
Нәтижесінде жеңімпаз болғандар жеке ұсыныстар үшін – жобаға 5 мың фунт стерлингке дейін, топтық ұсыныстар үшін (2-ден 6 адамға дейін) – әр қатысушыға 5 мың фунт стерлингке дейін, жобаға 30 мың фунтқа дейін ұтып алады.