Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметінде тексеріс жүргізіп, жемқорлықты анықтады.
Бас прокуратураның мәліметінше, бас бухгалтер 243 млн теңгені қалтасына басқан. Ол заңсыз түрде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелеріне ақы алып отырған. Кейін қаражатты өзінің жеке шотына аударған.
«Осы факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық іс арнайы прокурордың өндірісінде, сот сараптамалары тағайындалды» деп хабарлады бас прокуратура.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.